Жүк көлік екі көпір арасына қыстырылып қалды

АҚШ-тың Индиана штатында оқыс оқиға болды. Жүк көлік екі көпірдің ортасында тұрып қалды.

Көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жанындағы автомобильдерді соғып, көпірден құлауға шақ қалған. Апат салдарынан ірі жолдарда көлік қозғалысы тежелді. Абырой болғанда, полиция жүргізушіні аман шығарып алды. Ол қазір ауруханада жатыр.