Берлинде экобелсенділерге жаза қатаңдатылуы мүмкін

Берлинде экобелсенділерге жаза қатаңдатылуы мүмкін

Берлинде экобелсенділерге, өздерін асфальтқа желімдеп тастаған үшін 600-ден аса айыппұл салынды.

Ал Мюнхенде жолдарды бөгеген табиғат қорғаушылары қамауға алынды. Енді олар ондаған мың еуро төлеуге тиіс. Соңғы уақытта Германияда «Жаңа ұрпақ» деп аталатын қозғалыс мүшелері  наразылық акцияларын жиі өткізуді әдетке айналдырған. Экобелсенділер қаладағы көлік қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, мұражайлардағы әйгілі картиналарға сұйықтық шашуды жиілеткен. Тіпті өздерін ұшу алаңына, желімдеп әуежай жұмысын қиындатты. Осыған байланысты саясаткерлер мұндай наразылық шараларына тыйым салып, оларға қарсы жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.