Камбоджада қонақүй өртінен он адам көз жұмды

Камбоджада қонақүй өртінен он адам көз жұмды

Камбоджада қонақүй өртеніп, 10 адам қаза тапты. 30-дан астамы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

50 шақты адам құтқарылды. Оқыс оқиға Таиланд шекарасына жақын жердегі Пойпет қаласында болды. Болжам бойынша, ғимарат ішіндегі казинода орналасқан жанармай бөшкесі жарылып, өрт шыққан. Содан жалын тез тарап, ғимараттың жарты бөлігі опырылып құлап түсті. Сол кезде қонақ үйдің ішінде 50-ден астам кісі қамалып қалған. Қазір тілсіз жаумен күрес әлі жүріп жатыр. Өрт сөндірушілер жалынның 70 пайыздайын өшіре алды.