Босфор бұғазы уақытша жабылды

Босфор бұғазы уақытша жабылды. Бұл шешім елдегі қалың тұманға байланысты қабылданды.

Ыстамбұл тұрғындары жаңа жылдың алғашқы күнін осындай ақ тұманмен қарсы алды. Ал бұғаздың өзінде түк көрінбейді. Кеме тұрмақ қарсы келген адам таяп келмесе бір-бірін байқамайды. Күн райы жақсарса шектеу алынады.