Калифорнияда толассыз жауыннан елді-мекендерді су басып жатыр

Калифорнияда толассыз жауыннан елді-мекендерді су басып жатыр

АҚШ-тағы Калифорния штатының солтүстігінде толассыз жауыннан елді-мекендерді су басып жатыр.

Әсіресе тасқыннан Сакраменто округі қатты зардап шекті. Шелектеп құйған жауыннан Сан-Франциско қаласының шеткі аудандары су астында қалған. Мыңдаған адам жарықсыз отыр. Кей жерлерде лай көшкіні жүрді. Жергілікті билік қазір тасыған су біртіндеп қайта бастағанын айтады. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.