Ұлыбританияда ядролық отын өндірісі артады
Ұлыбритания үкіметі ядролық отын қорына 90 млн доллар қаржы бөлді. Ол уранды қайта өңдеу қуатын арттыруға жұмсалмақ.
Соның арқасында Атом станцияларына инвестиция тартуды ынталандырып, ядролық отын экспортын арттыру көзделіп отыр. 2050 жылға қарай Біріккен Корольдік атом электр станцияларының көмегімен елге қажетті энергияның төрттен бірін өндірмек. Ол үшін станциялардың жалпы қуаты 24 гигаваттқа жетуі керек. Қазір ол 7 гигаватт шамасында.
Айта кетейін, бұл шара ресейлік жанармайға тәуелділікті азайту үшін қабылданып отыр.