Канада мен Австралия Қытай азаматтарына шектеу қойды
Канада мен Австралия Қытай азаматтарына шектеу қойды. Олар міндетті түрде коронавирусқа қатысты птр тест көрсету керек.
Қаңтардың 5-нен бастап аспан асты елінен келетін әуежолаушылар, сондай-ақ, Гонконг және Макаодан келгендерге де ұшуға дейін 2 тәулік жарамды ковид тест тапсыру шарт. Австралияның Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір Еуропа және Солтүстік Америкада омикронның жаңа түрлері пайда болған. Вирус әлемге жайылып кетпеу үшін шұғыл қамдану қажет. Айта кетейік, әлем бойынша 12 мемлекетте Қытай азаматтарына қатысты шектеу шаралары енгізілді. Індет Қытайдың өзінде қалалар арасында жүріп тұруға да кері әсерін берді. Мысалы, құмар ойындар мекені Макаоға әдетте осы уақытта туристер ағылып келетін, ал биыл мұнда қаптаған адам легі байқалмайды.