Нью-Йоркте жол апатынан 18 адам зардап шекті

Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы жол апатынан 18 адам жарақат алды. Абырой болғанда, кісі өлімі жоқ.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, жеңіл автокөлік жол талғамайтын техникамен соқтығысқан. Қатты соққыдан жолдың жиегіне аударылып, одан әрі спорт барын қиратқан. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жедел жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер. Оқиға бойынша полиция тергеу бастады.