Үнділерде жаңа дәстүр қалыптасып келеді
Жаңа жылды тауыстарды тамашалаудан бастау Үндістан халқының дәстүріне айналып келеді.
Әдемі құстардың алқабы мыңдаған туристер үшін де тартымды. Каттак қаласына келушілер осылай дейді. Тауыс Үндістанның ұлттық құсы. Алайда мына алқаптың ашылғанына көп болған жоқ. 24 жыл бұрын жергілікті тұрғынның бірі 3 тауыс құсын асырап, оларға қолайлы орта жасаған. Ал оның немересі қазір атадан қалған істі жалғастырып, құстың санын 160-қа жеткізген. Келушілер әдемі құстарды тамақтандырып, суретке түсіп мәз.