Британия экономикасы қатты тұралайтын түрі бар

Биыл Джи-7 елдерінің ішінде Ұлыбритания экономикасы ең ауыр рецессияға ұшырайды.

Сарапшылардың болжамы осындай. Оған пандемия мен инфляция себеп. Соның салдарынан Англия банкі жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтап қалуға мәжбүр болады деген болжам бар. Былтыр қарашада Ұлыбританияда инфляция деңгейі 11%-ке жеткен. Бұл кейінгі 41 жылда болмаған рекордтық көрсеткіш. Осыған байланысты Англия банкі мөлшерлемені 3-тен 3,5 процентке дейін көтерген. Негізі Халықаралық валюта қорының өкідері Украинадағы шиеленіс салдарынан биыл Еуроодақ елдерінің жартысының экономикасын рецессия күтіп тұрғанын айтады.