НАТО Косоводағы сербтер құрған соңғы бөгеттерді алды
Косоводағы шиеленісті жағдай бәсеңдей бастағандай.
НАТО бітімгерлері аймақтың солтүстігіндегі этникалық сербтер құрған соңғы бөгеттерді алып тастады. Еске сала кетейік, Косоводағы ахуал өткен айдың бас кезінде ушығып кеткен еді. Оған этникалық сербтердің аймақтағы сайлауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлерге шабуыл жасауы түрткі болды. Жағдайды реттеу үшін Косово билігі бірнеше серб полицейін тұтқындайды. Бұған наразылық танытқан сербтер өздері тұрған өңірге кіретін жолдарды бөгеп тастайды.