Сауд Арабиясын су басты

Сауд Арабиясын су басты

Сауд Арабиясында күн райы тосын мінез танытты.

Нөсер жауыннан елдің бірнеше қаласын су басты. Толассыз жауын өткен аптада басталған еді. Ауа райының қолайсыздығынан ондаған рейс кейінге шегерілді. Джидда шаһарында білім ордалары қашықтан оқу жүйесіне ауысты. Жергілікті билік, тұрғындарға сақ болуды ескертіп, үйде отыруға кеңес береді. Халықаралық агенттіктердің деректеріне сүйенсек, мұндай су тасқыны елде былтыр қарашада болған.