Палестина еврей министрінің Храм тауына сапарына наразылық танытты
Палестина Израильдің ұлттық қауіпсіздк министрі Итамар Бен-Гвирдің Иерусалимдегі Ғибадатхана тауына сапарын айыптап, наразылық танытты.
Ресми өкілдердің айтуынша, бұл аймақтағы ахуалды қайта шиеленістіріп, қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Иерусалимдегі ғибадатхана тауында мұсылмандар үшін қасиетті орындардың бірі Аль-Акса мешіті орналасқан. Келісімге сай еврейлерге бұл орынға кіруге рұқсат болғанымен онда мінәжат етуге тыйым салынған. Сондықтан Палестина мұндай әрекет Израильдің қасиетті орынды бақылауын кеңейтуге бағытталған деп санайды.