Қытай азаматтарына қатысты шектеу енгізген елдерге қарымта шара қабылдайды
Бейжің Қытай азаматтарына қатысты шектеулер енгізген мемлекеттерге қарымта шара қабылдайтынын ескертті.
Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрілгі мәлімдеді. Мәселе Қытайда індеттің өршуінен туындап отыр. Осыған байланысты әлемнің кей елдері оның тұрғындарына қатысты тәртіпті қатаңдатқан. Мысалы, Еуропада Қытай азаматтарынан сапарға аттанбас бұрын ПТР-тест тапсыруын талап етуде. Бірақ Бейжің бұған наразылық танытып отыр. Дегенмен Еуроодақ жақында мәселеге қатысты бірлесіп әрекет ету жолдарын талқылауға ниетті.