Чехиядағы фабрикалар құс тұмауымен күресуде

Чехиядағы фабрикалардың бірінде құс тұмауының өршуіне байланысты 750 мыңға жуық тауықты өлтіру туралы шешім қабылданды.

Бұл шамамен елдегі тауықтың 15%. Бұдан бөлек, тағы 2,5 млн жұмыртқаның көзін жою көзделген. Осыдан кейін мамандар зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізбек. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, аталған дерттің ел аумағында осылай өршуі бірінші рет тіркеліп отыр.

Айта өтейін, Еуропа бір жылдан астам уақыттан бері құс тұмауы эпидемиясымен күресіп келеді.  Содан бері кәрі құрлықта бас-аяғы 50 млн тауық сойылған.