Германияда 2022 жылы инфляция деңгейі 8% құраған
2022 жылдың қорытындысы бойынша Германияда инфляция деңгейі дерлік 8% құраған.
Елдің федералды статистика ведомствосы жуырда осындай мәлімдеме жасады. Бұл ел тарихында болмаған көрсеткіш. Осыған ұқсас қымбатшылық Германияда сонау 1951 жылы тіркеліпті. Сол кезде жылдық инфляция 7,6% жеткен. «Германиядағы қымбатшылыққа ең алдымен энергия мен азық-түлік бағасының өсуі түрткі болды», - дейді мамандар.