Оңтүстік Кореяда дрон өндірісі қолға алынады
Оңтүстік Кореяда шағын дрондар өндірісі қолға алынбақ. Жуырда ел президенті Қорғаныс министрлігіне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған тақаудағы оқыс оқиға себеп болды. Солтүстіккореялық 5 дрон Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен еді. Осыған байланысты ресми Сеул дабыл қағып, әскери ұшақтарын көкке көтерді. Алайда ұшқышсыз аппараттардың ешқайсысы қолға түспеді. Сондықтан жыл соңына дейін дрон өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Кейін олар барлау және бақылау ісіне жұмылдырылмақ.