АҚШ-та «Омикронның» жаңа түрі таралып барады

АҚШ тұрғындары «омикронның» жаңа қосалқы нұсқасы таралды деп, алаңдаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Қытайда аурудың қатты өршуіне қарамастан, мереке күндері бүкіл ел бойынша тойлау шаралары өтеді. Бұл жағдайда вирустан қалай сақтануға болады. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Коронавирустың жаңа түрі АҚШ-та көп таралып кетті. Бұл омикрон штамының "альфа", "бета" және "дельта" нұсқаларынан кейін пайда болған. Желтоқсанның басында АҚШ тұрғындарының 4%-і осы індетті жұқтырып ауырған еді. Араға 1 ай салып, вирусты науқастар қатары 40%-ке жетті.

Валид Джаваид, эпидемиолог:

- Сақ болу керек. Себебі ковид қана емес, қазір елде тұмау және басқа да түсініксіз вирустар таралып жатыр. Омикронның қосалқы нұсқасының белгілері суық тигенге ұқсайды.

Ал Қытай билігі ауруханаларда ең алдымен егде жастағы адамдар ем алуы тиіс деген шешім шығарды. Себебі вирус қариялардың өміріне қауіп төндіреді. Бұған елдегі қазіргі жағдай дәлел. Мәселен, Гуйлин қаласындағы 1300 орындық ауруханада орын жетпейді. Ауыр халдегі науқастардың 70%-і 65 жастан асқан. Дегенмен, ресми Бейжің елдегі коронавирустық инфекцияның таралуы толық бақылауда, - деді. 

Мао Нин, ҚХР СІМ баспасөз хатшысы:

- Ковид тарала басталғаннан бері Қытайдың құзырлы органдары эпидемия туралы ақпаратты заңға сәйкес халықаралық қауымдастықпен уақтылы және ашық түрде бөлісті. 5 қаңтарда ДДСҰ-ның шақыруымен Қытай сарапшыларды брифингке қатысты. Біздің мутацияларды бақылау, вакцинация және клиникалық көмек туралы шаралар ашық айтылды. Жағдай толық бақылауда.

7 қаңтардан бастап, 15 ақпанға дейін Қытайда ковид-тің таралуы өршіп кете ме деген қауіп бар. Себебі дәл осы аралықта көрші елде бірнеше мерекелік іс-шара өтеді. Сәйкесінше азаматтардың барыс-келісі екі-үш есе артуы мүмкін. Жергілікті билік осы кезеңде әсіресе жүкті әйелдер, балалар мен қарттардың денсаулығына алаңдайды.