Еуроодақта инфляцияның өсімі тежелді
Желтоқсан айының қорытындысы бойынша, еуроаймақтағы инфляцияның өсімі баялаулап, 9,2% болды. Бұл қарашадағы көрсеткіштен 1%-ке төмен, - дейді Еуроодақ өкілдері.
Дегенмен тұтыну бағасының өсу деңгейі еуропалық орталық банктің мақсатты көрсеткішінен асып түседі. Ал энергия бағасының өсімі желтоқсан айында 9%-ке баяулады. Сонымен қатар, азық-түлік, алкоголь және темекі шамамен 14%-ке қымбаттады, өнеркәсіптік тауарлар 6,5%-ке өсті. Ай сайын тұтыну бағасы 0,3%-ке төмендеді. "Trading Economics" аналитикалық агенттігінің есебі бойынша, бұл аймақтағы инфляция ең жоғары шекті деңгейге жеткен болуы мүмкін.