Ұлыбританияның Премьер-Министрі теміржолшыларды сабырға шақырды
Ұлыбритания Премьер-Министрі Риши Сунак наразылыққа шыққан халықпен келісім жасауға әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол кәсіподақ басшыларын сабырға шақырып, келесі аптаға кездесуді белгіледі. Бүгін 40 мың теміржолшы 48 сағаттық ереуілге шықты. Желтоқсан айында медбикелер елде Ұлттық наразылық акциясын ұйымдастырған еді. Ақ халаттылар 18 және 19 қаңтарда ереуілді тағы қайталамақ. Екі сала мамандарының да талабы – жалақыны көтеру, инфляцияға төтеп беру.
Риши Сунак, Ұлыбритания Премьер-Министрі:
- Біз барлық кәсіподақ жетекшілерімен шынайы диалог жүргізгіміз келеді. Біздің ел үшін не пайдалы, қай шешім ақылға қонымды және жалақы мәселесін ашық талқылауға дайынбыз.