Францияда медицина жүйесі әлсірейді
Францияның денсаулық сақтау жүйесі әлсіз. Британия, Германия сияқты еуропалық бұл мемлекет те медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі мәселесіне тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл жағдай бұдан да нашарлайды, - деді ел президенті Эммануэль Макрон. Әсіресе, ауылдық жерлерде ауруханалар жетпейді, дәрігерлер тапшы. Осы орайда Эммануэль Макрон 2023 жылдың маусымына дейін ауруханалар жүйесіне өзгерістер енгізбек. Үкімет ақылы қаржыландырудан бас тартады. Оның орнына дәрігерлердің жұмысын толық бақылауға алады. Денсаулық сақтау жүйесінің әр түрлі бөлімшелері арасындағы ынтымақтастық кеңейеді.
Эммануэль Макрон, Франция Президенті:
- Алдағы жылдары біз медициналық мамандардың тапшылығын қатты сезінетін боламыз. Біздің дәрігерлердің көбі зейнетке шығады. Жалпы ковид басталғалы біз медицинада көптеген мәселелердің бар екеніне көз жеткіздік. Енді елдің денсаулық сақтау саласын көтеру үшін бірнеше жыл керек. Білікті дәрігерлерді дайындау 1-2 жылда іске аспайтыны анық.