Иранда наразылыққа шыққан 2 адам өлім жазасына кесілді
Иранда былтыр күзде наразылыққа шыққан 2 адам өлім жазасына кесілді.
Сот үкімі бойынша олар қауіпсіздік күштері қызметкерін өлтіргені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Естеріңізге сала кетейін, елдегі жаппай ереуілдер Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Содан бері Иранда 500-ге жуық адам қайтыс болды. 18 мыңнан астам азамат қамауға алынды.