Израиль Палестинаға қарсы санкция жарияланды
Израиль үкіметі Палестина автономиясына қарсы санкция жариялады.
Палестиналықтардың Біріккен Ұлттар ұйымының Халықаралық сотына «Израиль басқыншылығын» тергеу туралы шағымынан кейін билік өкілдері осындай шешім қабылдаған. Енді Израиль Палестина әкімшілігі атынан кедендік салық түрінде жинайтын қаржыдан 39 млн долларды алмақ. Бұдан бөлек, Израильдің батыс жағалауында палестиналықтардың құрылыс жүргізуіне тыйым салынбақ.