Австралияның батыс өңірлерінің халқын тасқын су әлекке салды
Табиғат апатына тропикалық дауыл себеп. Күшті желмен қоса аймақта нөсер толастамай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Абырой болғанда құрбандар туралы ақпарат жоқ. Бірақ біраз жолды су шайып, бірқатар ауданға қатынау мүмкін болмай тұр. Құтқарушылар аймақ халқын тікұшақпен эвакуациялап жатыр. Билік бұл Австралияның батысындағы ең алапат тасқынның бірі екенін айтады. Негізі кейінгі уақытта өңірде мұндай табиғат апаттары жиілеп кеткен. Мамандар бұл климаттың өзгеруінің бір көрінісі дейді.