Түркияда қонақ үйде оқыс жағдай болды
Түркияда қонақ үйдің мәжіліс залының төбесі опырылып құлап, 30-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға елдің шығысындағы Сарыкамыш қаласында болған. Оқыс жағдай кезінде мұнда деректі фильм көрсетіліп жатқан. Осы сәтте залда 150-ге жуық адам отырыпты. Медициналық көмекке жүгінгендердің тоғызы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.