Францияда зейнеткерлікке шығу жасы көтерілмек
Францияда зейнеткерлікке 64 жастан бастап шығу ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір француздар еңбек демалысына 62 жастан бастап шығады. Бұл Еуропалдағы ең төменгі меженің бірі болып саналады. Қазір Еуроодақ елдерінің кейбірі зейнеткерлікке шығу жасын көтеріп қойған. Ал жаңа заңжобасына сай азамат 43 жылдан аса жұмыс істесе ғана толық зейнетақы алатын болады. Қаржы министрлігінің есебінше, мұндай өзгерістер зейнетақы қорын қаржы тапшылығынан қорғайды. Үкімет жобаны осы айдың соңына таман Парламент қарауына ұсынғалы отыр. Бірақ ірі кәсіподақтар қазірдің өзінде бұл реформаға қарсы наразылық шараларын өткізетінін ескертті.
Элизабет Борн, Франция Премьер-Министрі:
- Бұл заң жобасы қызу талқыланып, наразылықтар болатыны анық. Мен талқылаулар ешқандай бүкпесіз ашық жүретінін айтқым келеді. Жоба да бір мезетте қабылдана салмайды. Зейнеткерлік жас 8 жыл ішінде біртіндеп көтерілетін болады.