Перуде үш күндік аза тұту жарияланды

Ел президенті Дина БолуАртенің билігіне қарсы жасалған наразылық акциясында кеше 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тағы бір полиция қызметкері өз көлігінде өртеніп кетті. Тәртіпсіздіктер болған оңтүстік Пуно аймағында түнгі коменданттық сағат енгізілді. Енді кешкі 8-ден таңғы 4-ке дейін тұрғындар толық бақылауда болады.

Еске салайық, экс-президент Педро Кастильо түрмеге тоғытылған соң, халық наразылық танытып шеруге шықты. Жалпы алғанда, соңғы бір айда тәртіпсіздік салдарынан 40 адам қаза тапты. Бас көтергендер мемлекет басшысының қайта сайлануын талап етуде.