Иранда үкіметке қарсы шерулерге қатысқан тағы 3 адам өлім жазасына кесілді
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл азаматтар Исфахан қаласында «Басидж» деп аталатын еріктілерден құралған жасақ мүшелерін өлтірді деген күдікке іліккен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Істі қарай келе сот оларға «құдайға қарсы соғыс ашты» деп айып тақты. Иранда былтыр қыркүйек айынан бері билікке қарсы наразылық жалғасып келеді. Оған Махса Амини есімді 22 жастағы студент қыздың әдеп полициясы қолынан қаза табуы түрткі болды. Халық елдегі саяси жүйені өзгертіп, әйел құқықтарын сақтауды талап етуде.