АҚШ-та былтыр табиғи апаттар көп тіркелген жылдың бірі болды
Жергілікті ғалымдардың айтуынша, өткен жылы 20-ға жуық экстремалды ауа райынан елге 165 миллиард доллар шығын келген, деп хабарлайды «Хабар 24».
2022-ші жылы аптап ыстық күндер жиі тіркелген. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Мұндай үрдіс 2016-шы жылдан бері күшейіп келеді екен.
Адам Смит, Мұхиттар мен атмосфералық зерттеулер жөніндегі ұлттық басқарма қызметкері:
- Қуаңшылықтан елімздің ауыл шаруашылығы, су ресурстары, туризм, сауда салаларына миллиардтаған доллар шығын келгенін көріп отырмыз. Бұлар – өте маңызды секторлар. Климаттың өзгеруіне байланысты келешекте экстремалды ауа райы жиілеуі мүмкін. Сондықтан біз халықты қорғау үшін оған бейімделуге күш салуымыз қажет.