Боливия астанасы Ла-Пас қаласында халық екіге бөлінді
Көрнекті оппозицонер Луис Камачо қамауға алынған соң, оны жақтаушылар қала көшелеріне наразылыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алайда акция бұнымен тоқтаған жоқ. Үкімет жасақтары бұл топқа отшашу атып, көшеден қууға кірісті. Осылайша, тұрғындардың бір бөлігі оппозицияны, екіншісі биліктегі партияны жақтап, келісімге келе алмай жатыр.
Айта кетерлігі, Камачо 28 желтоқсанда қамауға алынды. Ол 2019 жылы биліктегі социалистік партияға қарсы төңкеріс ұйымдастырғаны үшін «терроризм» бабы бойынша айыпталды. Алайда Камачо бұл айыпты жоққа шығарды. Ал халықаралық сарапшылар Боливия Үкіметі қарсыластарын қудалау үшін әділет жүйесін орынсыз қолдануда деген пікірде.
Роза Таркви, ереуілге қатысушы:
- Біз 2019 жылғы бұрынғы президент Эво Моралеске наразылық ұйымдастырғаны үшін оппозицияға қарсымыз! Олар жазықсыз бақилық боп кеткендердің өлімі үшін жауапты! Біз әділдікті талап етеміз!
Конрад Арана, «Боливия – бұл мүмкін» платформасының мүшесі:
- Диктатор президент Лиус Арсе және оның Үкіметі халықты 100 пайыз сендіргенде ғана «билік біздікі» десін! Ла-Паста әрбір боливиялықтың пікірін ескерсін! Жастар ретінде біз елді қалпына келтіру үшін, демократияны орнату үшін туды күн сайын көшеде көтеріп, акцияны жалғастырамыз!