Бразилияда тәртіпсіздіктен кейінгі шығын есептеліп жатыр
Бразилияда бұрынғы президент Жаир Болсонару жақтастарының жаппай тәртіпсіздіктерінен келген шығын есептеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұзақылар үкіметтік ғимараттарға баса көктеп кірген кезде көп құнды затты талқандап кеткен. Билік президент сарайындағы бүлінген кей туындыларды қақтығыстарға арналған ескерткіштің бір бөлігі етпек. Бразилияда өткен жексенбі күні Болсонаруды қолдаушылар президенттік сайлаудың қорытындысымен келіспей, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасаған еді. Полиция оларды тоқтата алмай, бұзақылар Президент сарайы мен Конгрестің ішіне кіріп, ойран салды.