Грекияның соңғы патшасы қайтыс болды

Грекияның соңғы королі Константин екінші 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инсульт алған монарх ауруханада 7 күн бойы реанимацияда жатып, көз жұмды. Константин екінші елді 1964 жылдан 1973 жылға дейін, референдумда монархия жойылғанға дейін басқарды. Грекия азаматтарының 70%-ке жуығы монархияға қарсы дауыс бергеннен кейін ол зейнетке кетті. Өмірінің соңғы жылдарын бұрынғы монарх Афиныда өткізді.

Сондай-ақ...