Шанхай қаласында Tesla көлігін сатып алғандар наразылық шарасын өткізді
Акцияға қатысушылар бірлестіктен электромобильдерді жеңілдіксіз алғаны үшін өтемақы төлеуді сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар сауда қызметкерлерінің дұрыс түсіндірмеуінен акция болатынын білмей қалғандарын айтады. Ал соңғы мәліметке қарағанда «Tesla» Қытайда соңғы 3 айда көліктеріне 2 рет жеңілдік жасап, бағасын біршама арзандатқан.
Гу, жергілікті тұрғын:
- Tesla-ның қытай тұтынушыларына қатысты ұстанымы менің көңілімді қалдырды. Бұл кемсітушілік сияқты. Мен бірнеше сағат ішінде мыңдаған юаньнан айырылдым. Олар болса тұтынушыларды жұбату үшін ешқандай шара қолға алған жоқ.