Угандада анықталған эбола ошағы бүгін жабылды
Соңғы 42 күнде ешқандай науқас тіркелмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, қыркүйек айынан бері бұл аймақта 142 адам дертке шалдыққан, оның ішінде 56 өлім тіркелді. Ауру ошағында вирустың сирек кездесетін «судан» штаммы анықталды.
Айта кетерлігі, соңғы 10 жылда алғаш рет шығып тұрған бұл штаммнан қорғайтын вакцина әлі ойлап табылған жоқ. Мамандардың айтуынша, дерттің өлім көрсеткіші 40%-ті құрайды.