Данияда әлемдегі ең танымал мейрамхана жабылады
Дания астанасындағы «Нома» мейрамханасы банкрот болды және 2024 жылдың соңында келушілерге қызмет көрсетуін тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағамның қымбат бағасына қарамастан, бірнеше жоғары марапатқа ие болған мейрамхана тығырыққа тірелген.
Айта кетерлігі, әйгілі скандинавиялық ас үйі Мишленнің қызыл нұсқаулығындағы 3 жұлдыздың үшеуін де иемденген. 2010 жылы британдық журналдың бағалауынша, «әлемдегі ең үздік мейрамхана», ал 2011 жылы әлемдік ТОП-50 тізімнің басында болды. Бұл мейрамханада 1 адамның тамақтануы үшін кемі 500 доллар кетеді.