Парижде біреу жұртты пышақтап кетті
Парижде әлдекім теміржол вокзалындағы жолаушыларға пышақ ала ұмтылып, алтауын жарақаттады.
Полицейлер қаскөйді оқ атып тоқатты. Қазір ол ауруханада жатыр. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Десе де, билік шабуылдың лаңкестікке еш қатысы жоқ деп мәлімдеді. Оқиға болған Гар дю Нор Еуропада кісі аяғы көп жүретін вокзалдың бірі. Бұл жерден пойыздар Ұлыбритания, Нидерланд пен Бельгияға аттанады.