Ресей Халықаралық ғарыш станциясында тұрып қалған ғарышкерлерді қайтару үшін жаңа «Союз» кемесін жібереді
Бұл турасында “Роскосмос” басшысы Юрий Борисов мәлім етті.
Аппарат ақпанның 20-сы күні ұшырылмақ. Айта кетейік, жақында халықаралық ғарыш станциясында ғарышкерлер тұрып қалған болатын. Олардың кемелерінің қаптамасы зақымданып, салқындатқыш сұйықтық аққан. Қазір ресейлік ғарышкерлермен бірге көмекке келген НАСА қызметкерін, жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің зерттеушісін және “Роскосмос” ғарышкерін жерге қайтару керек.