Қытайдан коронавирустың жаңа түрі табылды
Қытайда омикронның жаңа нұсқасы пайда болды. Икс-Би-би 1.5 (XBB.1.5) штамы 10 науқаста анықталып отыр.
Ол иммундық төзімділікпен және тез таралуымен қауіпті. Алайда бұл ерекшелікке қарамастан, сарапшылар алаңдауға еш негіз жоқ, дейді. Себебі, елде аурудың таралуы бәсеңдеген.
Лян Ваньнянь, Цинхуа университеті қоғамдық денсаулық сақтау институты директорының орынбасары:
- Қытайдағы коронавирустық мутацияларды өте мұқият қадағалап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша қысқа мерзімде XBB штаммы негізгі мәселеге айналмайды. Таралып жатқан күннің өзінде біз әрекет етуге дайынбыз. Қазіргі уақытта Қытайда табылған барлық штамм Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі.
Ресейде "Кракен" штамы тарады
Ал Ресейдің Пенза облысында омикронның тағы бір түрі «кракен» штамы анықталды. Еуропалық ғалымдардың зерттеуінше, бұл вирустың ең трансмиссивті нұсқасы. Айта кетерлігі, «кракен» алғаш рет 2022 жылдың күзінде АҚШ-та белгілі болған. Ол көбіне бұрын омикронмен ауырғандарға жұғады.