Перуде наразы топ әуежайды басып алмақ болған

Перуде наразы топ әуежайды басып алмақ болған

Жаппай ереуілдерге байланысты Перудің оңтүстік-шығысындағы Куско қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатты.

Наразы топ осымен екінші күн әуе айлағын басып алмақ болып жатыр. Олардың жолын полицейлер бөгеуде. Қақтығыстар салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 60-тан астамы жараланған. Туристер арасында танымал орын - Мачу-Пакчуге жолаушылар әдетте осы әуежай арқылы аттанады. Перуде өткен айдан бері жаппай ереуілдер басылмай тұр. Оған президенттің биліктен шеттетілуі себеп. Наразы топ жаңа басшысыны қызметінен босатып, сайлау өткізуді талап етіп отыр. Шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, 50-ге жуық адам қайтыс болды.