Жапонияда эпидахуал ушығып барады
Жапонияда эпидемиологиялық ахуал ушығып барады.
Кейінгі тәулікте коронавирустан 523 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен бір күндік көрсеткіш. Алдыңғы күнгі статистика да көңіл көншітпейді. Жалпы елде вирустан 60 мың адам көз жұмса, соның 10 мыңы кейінгі бір ай ішінде тіркелген. Марқұмдардың дені - қарт кісілер. Індеттің өршуіне байланысты Жапония билігі Қытайдан келгендер үшін шектеу шараларын күшейтті. Өйткені Қытайда ДА қазір коронавирус қайта белең алып барады.