Калифорнияда жаңбырдан мекендерді қайта су басты

АҚШ-тың Калифорния штатында қайта жауын селдетіп, кей мекендерді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасқыннан зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Нөсерден бірқатар өзен тез толып, қауіп күшейген. Синоптиктер аймақта алдағы күндері тағы дауыл соғатынын ескертіп отыр. Калфиорнияда соңғы 2 аптада бірнеше рет қатты дауыл тұрып, жаңбыр құйып, халық қатты зардап шекті. Табиғат апатынан 19 адам көз жұмды. Ал аймақ экономикасына 34 миллиард доллар шығын келген.