Грузияда қалың жауған қар тұрмысты қиындатты
Грузияда табиғат тосын мінез танытып, тұрмысты қиындатты.
Жапалақтап жауған қардан елдің шығысында көлік қатынасы тұралады. Арнайы техника жолдарды аршып үлгермей жатыр. Ал елдің батыс бөлігінде дауыл соғып халықты әбігерге слды. Жел екпінінен өңірде 100-ден асатам нысан, 4 мектеп және 3 балабақша бүлінді. Бірқатар ауыл жарықсыз қалып, газ беру тоқтаған.
Вахтанг Гаделия, Сенаки қаласының мэрі:
- Қазір аймақтағы 15 әкімшілік округте газ бен ауыз су жеткізуде қиындықтар туындады. Арнайы комиссия құрылып, табиғат апатынан келген шығын көлемі анықталып жатыр. Жағдайды тыңғылықты зерттеген соң қалпына келтіру жұмыстары басталады.