АҚШ-та торнадодан 9 адам қаза тапты
АҚШ-тың оңтүстік-шығысында дауыл соғып, 9 адам мерт болды.
Мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алапат құйыннан жапа шеккендер артуы мүмкін. Синоптиктердің хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысында соңғы бір тәулікте 30-дан аса торнадо соққан. Олардың ең жойқыны Алабама штатында тіркелді. Иіріліп ұйытқыған құйынның жылдамдығы сағатына 220 шақырымға жеткен. Мамандар елде торнадоның жиілеуін климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.