Қырғызстан билігі сақылдаған сары аязға байланысты тұрғындарды электр энергиясын үнемдеуге үндеді.
Себебі, қуатты пайдалану шамадан тыс артса электр желілеріне салмақ түсіп, апатты жағдайлар жиілеуі мүмкін. Қырғыз елінде қаңтардың 10-ында қалың қар жауып, сарышұнақ аяз басталды. Кей жерлерде сынап бағанасы -27, ал таулы өңірлерде -42 градусқа дейін жеткен. Синоптиктер аяз айдың соңына дейін жалғасады деп болжап отыр.
