АҚШ-та екі қабатты үйді 3D принтер көмегімен салып жатыр
АҚШ-та алғаш рет екі қабатты зәулім үй 3Д принтердің көмегімен салынып жатыр.
Жалпы ауданы 370 шаршы метрден асатын үйдің құрылысына 330 сағат кетеді. Хьюстон маңындағы құрылыс алаңына орнатылған агрегаттың салмағы - 12 тонна. Бұл АҚШ-тағы 3D принтер басып шығарған алғашқы қос қабатты үй болады. Жалпы ғимаратты бетоннан және ағаштан салады.
Лесли Локк, сәулетші:
- Құрылыс процесі дәстүрлі тәсілден әлдеқайда жылдам. Басып шығару үшін тек бірнеше адамның жұмысы қажет. Қазір міне бүкіл бригада орнында. Бес адам ғана жұмыс істеп жатыр.