Якутияда минус 62 градус аяз болады

Якутияда аяз күшейді.

Ауа температурасы 60 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты бүгіннен бастап балалар қашықтан оқуға көшірілді. Олар 3 күн бойы мектепке бармайды. Өйткені мамандар температура бұдан да төмендейді деп болжап отыр. 

БЛИЦ

- Иә, аяз сақылдап тұр. Жылы киіну керек. Мен екі қолғап киіп алдым. Әйтеуір етігім жылы. Өйткені ең бастысы аяқ тоңбау керек.

- Бүгін күн ерекше суық. Минус 51 градус деген сияқты. Қатты тоңдық. Әйтеуір ары-бері қимылдап, жылынудың амалын жасап жатырмыз.