Кореяда 47 көлік соқтығысып қалды

Оңтүстік Кореяда бір уақытта 50-ге жуық көлік соқтығысты.

Оқиға ел астанасы Сеулге жақын жердегі тас жолда болған. Салдарынан 1 адам қаза тауып, шамамен тағы 30-ы жараланған. Жол апатына көктайғақ себеп. Осыған байланысты қазір бірнеше жол жабық тұр.