Филиппинде су тасқынынан 28 адам қаза тапты

Филиппинде су тасқыны салдарынан 28 адам опат болды.

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 тұрғын әлі табылмады. Елде Рождестводан бері нөсер толастамай тұр. Оның соңы тасқынға ұласқан. Бірнеше ауданда жарық, су мен байланыс жоқ. Көп өңірде мектептер жабық тұр. Су шайып кеткен жолдарда есеп жоқ. Соның салдарынан құтқарушылар кейбір ауданға қатынай алмай отыр. Табиғат апатынан келтірілген материалдық шығын 8 жарым миллион доллардан асады. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына көп зиян келген. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар нөсер әлі толастамайтынын ескертеді.