Байлар байып, жарлылар кедейленіп барады
Әлемде аса ауқатты адамдар саны артты.
Сонымен қоса тым кедейлер қатары да көбейген. Мұндай жағдай кейінгі 25 жылда алғаш рет байқалып отыр. Бұл туралы Оксфам бірлестігі хабарлады. Азық-түлік пен энергия көздерінің қымбаттауынан байлардың дәулеті артқан. Дағдарыстан ірі корпорациялар да ұтып отыр. Былтыр энергетикалық және азық-түлік компанияларының 95 процентінің табысы екі есе артқан. Бірақ сонымен қоса 820 миллион адам, яғни жер бетіндегі әрбір оныншы тұрғын тойып тамақ ішпейді. Аш жүргендердің 60 проценті әйелдер. Мамандар мұндай теңсіздік Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері болмағанын айтады.