Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталады
Бүгін Швейцарияның Давос қаласында дүниежүзілік экономикалық форум басталады.
Дәстүрлі шара араға үш жыл салып, биыл алғаш рет дәстрүрлі форматта өткелі отыр. 2021-ші жылы ол онлайн ұйымдастырылса, былтыр форум індетке байланысты мамыр айында өткен еді. Биылғы шараға көп елдің басышылары мен танымал кәсіпкерлер қатысады. Атап айтқанда, 52 мемлекет пен үкімет басшысы, 56 қаржы министрі, орталық банк менеджерлері бармақ. Бірақ Ресей мен қытай бизнесмендері болмайды. Меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 мыңға жуық сарбаз тартылған.
Бёрге Бренде, Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті:
- Бұл Давос форумы ең күрделі геосаяси және геоэкономикалық жағдайда өткелі отыр. Кездесулер барысында әлемдік дағдарыстың одан әрі шиеленісуін болдырмаудың жолдарын талқылау көзделіп отыр. Осымен қатар ғаламдық экономиканың құлдырауының алдын алу, азық-түлік және энергия бағаларының өсуі сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылмақ.